"Елде газ тапшылығы болуы мүмкін" деген ақпарат қаншалық рас? Министрлік жауабы

Сағыныш Сардарова 21 қаз. 2025 09:30

Орынбор ГӨЗ жұмысының тоқтауы Қазақстанға газ жеткізілуіне кері әсерін тигізбеген. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) шикізат қабылдау уақытша тоқтатылуына байланысты Энергетика министрлігі мынадай мәлімдеме жасады:

"БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралған "Астана мен басқа да өңірлерде газ тапшылығы болуы мүмкін" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір елдің газдандырылған өңірлеріне, соның ішінде елордаға газ қалыпты режимде, толық көлемде және еш шектеусіз жеткізіліп жатыр".

Министрліктің ақпаратына сәйкес жақын арада Орынбор ГӨЗ-де газ қабылдау қайта басталады. Уақытша шектеулерге байланысты Қарашығанақ кен орнының операторы өндіріс көлемін азайтқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар