Елбасы Түркістандағы мақта зауытына қандай қолдау көрсетті?

Dalanews 11 қар. 2018 09:26 636

Бүгінде Үкімет өнім өндіру ісімен айналысып жатқан кәсіпорындарға көмек-қолдауын көрсетіп келе жатқаны белгілі. Осы ретте Түркістан қаласында мақта зауытының директоры Марат Молдымановқа атқарушы билік тарапынан қандай көмек күтететінін сұрағанымызда, кәсіпорын басшысы көптен бері көкейінде жүрген жайттарды ашып айтты. 

– Ауызды қу шөппен сүртуге болмады. Мемлекет тарапынан қолдауды көріп келеміз. Соның ішінде бөліп айтатыны 2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің облысымызға жұмыс сапармен келегенде зауыттың жұмысымен танысқан болатын. Сол кезде жұмысымызды оң бағалаған Елбасы Үкіметке қолдау көрсету турасында тапсырма берген еді. Сол кезде статистика бойынша, Қазақстанда медициналық мақтаны тұтынудың ай сайынғы көлемі 40-45 тоннаны құрайтын. 2012 жылы Үкімет Қазақстан аумағына Өзбекстаннан 1 келі медициналық мақта келетін болса, оған 38 еуро кедендік баж салығы қосылатыны туралы Жарлық шығарып, отандық өндіріске үлкен қолдау жасады.

Міне, осы Жарлықтың арқасында Қазақстанда медициналық мақта шығару ісімен айналысатын кәсіпорындар пайда болды. Өкінішке қарай, бүгінде сол Жарлықтың мерзімі аяқталып, күші жойылды. Бұл жағдай өз кезегінде Қазақстанның кәсіпорындарына кері әсерін тигізе бастады. Біздер аталған Жарлықтың мерзімін ұзарту болмаса осыған ұқсас жаңа құжат қабылдау турасында Үкіметке хат жазып, өз ұсынысымызды айттық. Бұл ретте бізге Түркістан облысы әкімдігі де қолдау көрсеткенін айта кетуіміз керек, – деді кәсіпорын басшысы.

Дәл қазір мақта зауыт жұмысын жандандыру үшін 2012 жылы қабылдаған Жарлыққа ұқсас құжаттың қабылдаудың маңызы зор екенін байқадық.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар