Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Қаракөз Амантай 30 жел. 2025 16:56

Биыл «QazaqGaz» ұлттық компаниясы геологиялық барлау және күрделі құрылыс жобаларына ден қойды. Бұл сәйкесінше газды ішкі тұтынудың артуына және Қазақстанның газ қоры ауқымын кеңейту қажеттілігіне байланысты болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылдағы басымдықтар қатарында газ инфрақұрылымын нығайту және «QazaqGaz Aimaq» АҚарқылы Астана мен оның агломерациясын одан әрі газдандыру жөніндегі жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өңірлерді көгілдір отынмен қамту көзделді.

Аймақтар – ерекше назарда

2025 жылы 95 елдімекенде 350 мың адам газға қол жеткізсе, 2026 жылы тағы 41 елдімекенге газ берілетін болады. Мәселен, егер 2024 жылдың 1 қаңтарында ел тұрғындарының 62%-ы газбен қамтамасыз етілсе, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 64,2%-ға дейін өсті. Бұл ретте, ішкі нарықта газ тұтыну көлемі үнемі өсіп келеді: жыл қорытындысы бойынша тиісті меже 20,4 млрд м³ құрады. Ірі жобаларды жүзеге асыру және жаңа магистральдық газ құбырларын қосу арқасында жүздеген елдімекенде өмір сүруге қажет қолайлы жағдай жасалып, қарқынды дамуға мүмкіндік туды.

2025 жылы газ мамандары үшін ең маңызды оқиғалардың бірі «Талдықорған-Үшарал» газ құбырының құрылысын мерзімінен бұрын 1 жыл және 4 айға аяқтауболды. Жобаны іске асырудың арқасында Жетісу облысының 84 елдімекені газға қосылатын болады, бұл өңірді газдандыру деңгейін 56,5%-дан 76%-ға дейін көтеруге жол ашады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Сарыарқа» газ құбырының 1-ші кезеңін іске асыру аясында Астананың айналасында орналасқан елдімекендерді газдандыру жұмысы жүргізілуде. «QazaqGaz Aimaq» компаниясы мамандарының белсенді атсалысуымен Нұрлы, Талапкер, Қоянды, Ы.Алтынсарин, Аққайың елдімекендеріндегі 35 мың адам газ игілігін көре бастады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпір барысында Қосшы қаласы газға қосылды. Сөйтіп қаладағы 31 мың тұрғын «көгілдір отынға» қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Өркендеу кілті – газ транзиті

Халықаралық газ транзиті көлемінің ұлғаюы 2025 жылы компанияның операциялық және қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға ықпалын тигізді. Жыл қорытындысында магистральдық тасымалдау көлемі жоспардан 5%-ға артық орындалды, экспорт жеткізілімдері өсті және халықаралық транзиттен түсетін кіріс ұлғайды.

Газ тасымалдаудың жалпы көлемі 88,3 млрд текше метрді құрап, оның 53,2 млрд текше метрі «Орта Азия — Орталық», «Союз — Орынбор — Новопсков» және «Бұхара — Орал» магистральдық газ құбырлары арқылы өтетін транзитке тиесілі болды. Бұл дегеніңіз, ұлттық компания қызметінде транзит бағытының маңыздылығын көрсетуде.

Цифрландырудағы серпіліс

QazaqGaz күнделікті жұмысында жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізуді берік ұстанып отыр.

Компанияның басты тұтынушылық өнімі – QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасы, абоненттерге есепке алу құралдарының көрсеткіштерін фотосуреттер арқылы беруге мүмкіндік туғызды. Жасанды интеллектке негізделген алгоритмдер есептегіш көрсеткіштерін автоматты түрде таниды және деректерді абоненттіңқатысуынсыз өңдейді. Қазірдің өзінде 330 мыңнан астам адам осы сервисті пайдаланса, 2026 жылдың соңына дейін барлық абоненттің кемінде 10%-ын қосымшаға қосу жоспарлануда.

Egov порталында қолданысқа берілген газдандыру жөніндегі ЖИ-кеңесші жылдам әрі тәулік бойы жауап бере отырып, байланыс орталықтарының жұмысын жеңілдетуде. Сонымен қатар, техникалық шарттарды беру процесі толығымен онлайн сипатқа көшті. Қажетті құжаттар дерекқордан автоматты түрде жүктеледі және оларды тіркеу жылдамдығы 12 есеге өсті. Қазірдің өзінде абоненттердің жартысы оны онлайн тәртіпте алуды құп көруде.

Газ қорын кеңейту

Компания геологиялық барлауды жандандырды. Жамбыл облысында Малдыбай учаскесінде газ қорырасталып, сейсмикалық барлау жұмысына дайындық жүргізілуде. Анабай кен орнында үш пайдалану және бір бағалау ұңғымасы бұрғыланды.

Сонымен бірге, Амангелді тобының құрамында Барханная кен орны іске қосылды. Жоба жаңа жұмыс орындарын құруды және мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдер жасауды көздейді. Кен орнында газ өндіру 2026 жылы шамамен 30 млн текше метрді, ал 2028 жылға қарай ең жоғары деңгей ретінде 65 млн текше метрді құрайдыдеп күтілуде.

Бірнеше келісімге қол қойылды:

-ҚазАзот компаниясымен Северный-2 учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім;

-Саралжын учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім;

-CNPC компаниясымен «Северный-1» учаскесі бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру, сондай-ақәзірлеу жобасы бекітілгенге және өнеркәсіптік пайдалануға көшкенге дейінгі барлау кезеңін қаржыландыру туралы келісімдер жасалды. «Северный-1» жобасы газдың ресурстық базасын ұлғайтуда аса үлкен роль атқармақ. Жаңа келісімдерге қол қою рәсімі Пекиндегі жо,ары деңгейде өткен кездесулер аясында жүзеге асырылды.

- 2025 жылы Chevron компаниясымен КТ-III(Жәлібек) учаскесін бірлесіп зерттеу жұмыстарыаяқталды. Бірлескен жобаны іске асыру бойынша келесі қадамдар талқылануда. Сонымен қатар, ENI компаниясымен Батыс Қазақстанда орналасқан Каменковский блогы бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Ауқымды газ жобалары

Газға ішкі сұраныстың артуы, өңірлерді белсенді газдандыру және экспорттық-транзиттік әлеуетті дамыту жағдайында QazaqGaz бірқатар стратегиялық бастамаларды іске асыруда. Олардың ішінде шикі газды өңдеу бойынша ауқымды жобалар бар.

Мысалы, Ұлттық компания үшін қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысының салмағы зор. Жоба қазірдің өзінде белсенді жүруде: жауапты іске 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылып, 340-тан астам техника тартылған. Бұдан тыс, қуаты 2,5 млрд текше метр жаңа газ өңдеу зауыты бойынша алдын ала жобалау (Рre-FEED) кезеңі аяқталды.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісінің жобасы елді болашақ газбен жабдықтаудыңтұрақтылығы тұрғысында ерекше мәнге ие болуда. 2025 жылы жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, сондай-ақ құбырлар мен газ айдау агрегаттарын жеткізуге келісімшарттар жасалды. Бұл өз кезегінде құрылысты іске асыру кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.

Сығымдалған табиғи газды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда  көлікке газ құятын 24 компрессорлық станциясы жұмыс істейді, оның 6-ы «QazaqGaz Onimderi» ЖШС тиесілі. Станциялар Алматы мен Ақтөбеде жұмыс істейді. 2026 жылы «QazaqGaz» брендімен Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында және Жетісу облысында тағы бес бекет іске қосылады деп жоспарлануда.

Адами капитал

Жұмысшы мамандықтар жылы QazaqGaz адами ресурстарды дамытуға баса назар аударды. Ұлттық газ компаниясының кадрлық әлеуетін дамыту және болашақ кадр қорын дайындау бойынша «QazaqGaz көшбасшылар пулы» жобасы іске қосылды. Кадр резервіне әкімшілік, инженерлік-техникалық және өндірістік блоктардан көпсатылы іріктеуден сәтті өткен QazaqGaz компаниялар тобының 27 қызметкері кірді.

Сонымен қатар 8 мыңнан астам маман жұмысшы кәсіптері бойынша қайта даярлаудан және оқытудан өтті. Газшылар тұрақты негізде «Үздік маман» кәсіби шеберлік конкурсына қатысып, біліктілігін растайды және жалақыларына қосымша үстемеақы алады.

Еңбек жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылып, Теміртау мен Жезқазғанда Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» қолға алуымен заманауи вахта кешендері салынды. Олардың әрқайсысында әкімшілік-тұрмыстық блок, оқу сыныбы, медициналық кабинеттер, жаттығу залы, кір жуатын бөлме, демалыс бөлмелері және заманауи қауіпсіздік жүйесі бар. Атырауда жатақханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Барлығы 2025 жылы әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды жақсарту мақсатында 33 нысан жөнделді.

Ұлттық компанияның биылғы 25 жылдық мерейтойына орай газ саласын дамытуға үлес қосқан еңбек адамдарына сый-құрмет көрсетілді. Үш мыңнан астам жұмысшы мен ардагер марапат иеленіп, ел өңірлерінде газ қызметкерлерін және олардың кәсіби жолын құрметтеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Газ саласын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алда өңірлерді одан әрі газдандырудан және газдың ресурстық базасын дамытудан бастап, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізілімдердің сенімділігін арттыруға дейінгі көптеген келелі міндет тұр. QazaqGaz келесі жыл табалдырығын басымдықтарды нақты айқындаған және оларды іске асыруға дәйекті түрде кірісуге дайын күйде аттауда. Нәтижесі сол, қазақстандықтардың газ игілігіне қол жеткізуі жоғарылап, елдің энергетикалық қауіпсіздігі нығаюда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар