Экстремизмге қарсы күрес – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты құралы

Dalanews 06 қаз. 2023 08:29 1046

Алматы қаласы, Алатау ауданында орналасқан №37 Бөбекжай-балабақшасы қызметкерлері арасында экстремизм мен терроризм тақырыбына қатысты сала мамандары дәріс оқыды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде жастардың жат ағымдардың шылауында кетіп, экстримистік топтардың құрбаны болу біздің елде ғана емес, бүкіл әлемнің бас ауруына айналған өзекеті мәселе десек артық айтқандық болмас еді. Сондықтан ел ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы түрлі дәрістер мен семинарлардың өтіп тұруы заңдылық.

Соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан түрлі лаңкестік оқиғалар мен экстремисттік топтардың белсенді әрекетінен кейін мұндай жайсыз оқиғалардың орын алатын қауіпсіздік шаралары күшейе түскені белгілі.



Сондықтан да терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бағытында қолға алынған шаралар мемлекеттік деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты мәселелерінің бірі десек болады.


Осы ретте Алатау ауданындағы № 37 Бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айнұр Батырбекқызы Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері, аға лейтенанты Бектұр Абуталиповпен шақырып, балабақша ұжымы қызметкерлері арасында экстремизм мен терроризмге дәріс оқуына мүмкіндік туғызды. Қауіспіздік саласының маманы балабақша қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.



Дәріс соңында балабақша меңгерушісі Айнұр Батырбекқызы және  Бектұр Бағдатұлы балабақша қызметкерлерін Ұстаздар күнімен құттықтады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар