Экспортта ҚҚС-тың 80% түзетуі алып тасталды

Самал Асқар 24 ақп. 2026 16:36

Жаңа Салық кодексін енгізу аясында қосылған құн салығын (ҚҚС) түзету нормаларын қолдану мәселелері қаралды, деп хабарлайды Dala news.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе отырыстарының бірінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-тың 80 пайызын түзетуге қатысты норма талқыланған. Бұл талап Кодекстің 484-бабы 2-тармағының 7) тармақшасы және 5-тармағында көзделген.

Ведомство түсіндіргендей, «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң нормалары ескерілген жағдайда, қайта өңделген өнімді экспорттау кезінде аталған түзету қолданылмайды.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өніміне жататын ұн экспортталған кезде ҚҚС қайтару салық заңнамасының талаптары сақталған жағдайда жалпы белгіленген тәртіппен және толық көлемде жүзеге асырылады.

Осылайша, жаңа Салық кодексі өңделген ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты бұрын қолданыста болған салық салу тәртібін сақтайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove