Экс-президент Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталды

Cағыныш Сардарова 01 сәу. 2025 09:24 12958

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Бұрын бұл жерде экс-президенттің әртүрлі жылдағы суреттері бар стендтер тұрған еді. Жуырда тұрғындар сурет алаңнан жоғалып кеткенін байқаған.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар алаңында абаттандыру және елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыру үшін жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталған.

"Жөндеу жұмыстары аясында плакаттары бар құрылымдар бөлшектеледі. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады, бұл аумақтың экологиясы мен эстетикасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жобада қосымша жарықтандыру тіректерін орнату, көше жиһаздарын жаңарту және үйлесімді ландшафт дизайнын жасау көзделген", - деді әкімдік өкілі Tengrinews.kz сауалына


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар