Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды
Сенат

Бұрын Мәжіліс пен Сенат депутаты болған Геннадий Шиповских «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында жұмысын бастағанын хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, еңбек жолын теміржол саласында бастағанын еске салды. Оның айтуынша, бірнеше жылдан кейін бұрынғы ұжымына қайта оралу мүмкіндігі туған.

«Еңбек жолым теміржол саласында басталған еді. Енді араға жылдар салып, қайтадан осы үлкен ұжымның құрамына қосылдым. Алдағы уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мүддесін қорғап, жаңа міндеттерді атқаруға кірісемін», – деп жазды Шиповских.

Алайда ол нақты қандай лауазымға тағайындалғанын жарияламады. Бұрынғы депутат тек жаңа қызметтегі жұмысына кіріскенін атап өтті.