Қазақстанда екі облыстағы әкім ауысуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
17 шілдеде Атырау және Ұлытау облыстарында мәслихат депутаттарының кезектен тыс отырысы өтеді. Мәслихаттардың ресми сайттарында жарияланған күн тәртібіне сәйкес, жиында өңір әкімдерін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралады.
Қазір Атырау облысын 2022 жылдың сәуірінен бері Серік Шәпкенов басқарып келеді. Ал Ұлытау облысының әкімі қызметіне Дастан Рыспеков 2024 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.
Екі өңірді кім басқаратыны 17 шілде күні өтетін мәслихат отырыстарынан кейін белгілі болады.