Екі апта бұрын жоғалған Ақтау тұрғыны өлі табылды

Екі апта бұрын жоғалған Ақтау тұрғыны өлі табылды

Әлеуметтік желілерде биыл 30 қаңтарда жоғалып кеткен 38 жастағы Ақтау тұрғынының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Полиция департаменті әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.

Өлімнің нақты себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Құқық қорғау органдары соңғы қорытындыларды кейінірек жариялайтындарын мәлімдеді.

Ақтау тұрғыны 30 қаңтарда 35-шағынауданда орналасқан үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған. Полиция қызметкерлері тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.