Қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы отбасының әл-ауқат деңгейін бағалайтын калькуляторды пайдалана алады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл құрал азаматтарға әл-ауқатты бағалау өлшемдерімен танысып, отбасының жағдайын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау әдістемесінде отбасының табысы мен мүлкі ғана емес, әлеуметтік жағдайы да ескеріледі. Атап айтқанда, отбасы мүшелерінің саны, балалардың болуы, қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтардың болуы есепке алынады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, отбасының әл-ауқатын бағалау үшін алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткіш қолданылады.