"Еден жуушы болып жұмысқа кіру үшін 500 мың теңге сұрайды". Мұқаев жемқорлықты ашық айыптады

Сағыныш Сардарова 09 ақп. 2024 09:04 1651

Депутат, танымал блогер Дәулет Мұқаев комитет отырысында сыбайлас жемқорлық деректерін ашық айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың пікірінше, жемқорлық кездеспейтін сала жоқ. 

"Бала дүние келгеннен бастап, анау адам қайтыс болғанға дейін,сөздің ашығы. Құдай сақтасын, өліп қалатын болса, Алматыда таудың, "Кеңсайдың" маңайы деп... Одан кейін бала дүниеге келгенде жақсы дәрігер, перзентхана керек деп тағы іздейді. Одан бөлек балабақша, мектеп. Бала университетке барады. Осыдан соң ол үйленіп, отбасы болған кезде оларға үй керек. Оны алу үшін үйдің кезегіне тұру қажет. Жұмысқа орналасады. Осы саланың бәрінде жемқорлық бар. Әсіресе, маған Қызылордадан көп хат жазады, Шымкенттен көп хат жазады. Мысалы, жай ғана еден жуушы болып, жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды, ал мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 млн теңге болып кеткен. Ондай хаттар өте көп. Антикорға хабарласыңыз деймін. 1424-ке хабарласқан кездегі алгоритм қалай жұмыс істейді?" - деп сұрады Дәулет Мұқаев комитет отырысында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар