Сөз жоқ, Димаш ерекше талант иесі.
Бірақ «тегін адам таз болмайды» дегендей Қайраттың да өнерден қаражаяу емес екенін анық.
Тек көңілге күдік тудыратыны, ешбір ұлтты өзінің хань ұлтына теңестірмейтін Қытай 51 зауытын Қазақстанға көшіруді бастауымен, Димаштың жұлдызының дәл сол Қытайда жануының тұспа-тұс келуі қызық болып тұр.
Оған мынау қытайдың «Бір белдеу» деген бағдарламасы қосыңыз.
Келер жылы қытайлар бір өзбек талантының «шырағын жағып» жіберсе, өз басым таңғалмаймын.
Өмір Шыныбекұлы, жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды