Димаш нәзік жандыларды құттықтады

Dalanews 08 нау. 2017 12:52 806

Бүгінде Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген,  жас әрі талантты әнші Димаш Құдайберген барша әйел азаматын 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Әнші  аналарға, әжелерге,  жеңгелер мен ерке қарындастарына ақ тілегін жаудырды, – деп жазады Stan.kz.

– Құрметті, Асыл жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, ақылы мол апалар, қылықты қарындастар! Көктем келген кезде көңілімізді жадыратын нәзік жандылардың мерекесі қатар келеді. Әр әйел – бақытты болуға лайықты! Әр нәзік жандылар – сүйіктісінің назарында болуға лайықты! Баршаңызды Халықаралық арулар мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар! Мерекелеріңізбен!!! Құшақтадым баршаңызды, – деп жазды әнші  Инстаграм парақшасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар