Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді. Арнайы прокурорлар қызметі басшысының айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталған.
Олардың адам өлтіру, ұрлық, тонау және тонау әрекеттерге қатысы бар екенін алға тартты.
– «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның тобындағы қаруланған адамдар көшеде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соғып, нәтижесінде бір адам қаза тапқан. Сонымен қатар, қарақшылар бұған дейін 12-ші қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен, – деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталған факт бойынша қылмыстық іс тергелуде.
– Әлеуметтік желілерде Жұмагелдиев босатылды немесе белгісіз жаққа жеткізілді деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таралып жатыр. Іс қосымша тергеу үшін арнайы прокурорларға жіберілді. Біз оны ҰҚК уақытша ұстау изоляторына ауыстырдық. Ол сонда қамауда отыр, – деп қосты Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.