"Духың шыдаса, кеттік". Желіде Ермахан Ибраимовтың тікелей эфирі талқыға түсті

Көркем Алдабергенова 05 мам. 2025 17:21 1302

Қазақстандық боксшы, Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы және Атлантадағы 1996 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ермахан Ибраимовтің TikTok-тағы тікелей эфирі талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеода боксшы өзінің жұмыс кабинетінде TikTok-тағы тікелей эфирде отырғанын байқауға болады. Эфир барысында оқырмандары боксшыға түрлі сұрақ қойған. 

"Мына жерде біреу "по разам, кеттік" депті. Духың шыдаса, кеттік. Ал былай, духың шыдамайды-ау. "Алға баса бер, аға" дейді. Луговой, Ақтөбе, Астана - мені қолдап жатқандар. Ал қолдамайтындардың тізімін жасаймын, сол елдімекендерге арнайы боксшы жігіттерді жібереміз", дейді боксшы. 

Айта кетейік,Ермахан Ибраимов – атақты қазақстандық боксшы, Сиднейде өткен 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ол 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген және бокспен 11 жасынан бастап айналыса бастаған. Спорттағы жолында Азия чемпионатының, әлем біріншілігінің жүлдегері атанып, 1996 жылы Атлантада Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Спорттық мансабын аяқтаған соң, ұлттық құраманың бас бапкері, Олимпиадалық дайындық орталығының директоры болып қызмет етті. Қазір ол – Алматы қалалық мәслихатының депутаты әрі спорт саласында белсенді қоғамдық жұмыс жүргізіп жүр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар