Дүниежүзілік имамдар кеңесі мұсылмандарға Бейжің Олимпиадасына баруға шақырды

Dalanews 04 қаң. 2022 04:53 1154

Дүниежүзілік имамдар кеңесі арнайы мәлімдеме жасап, мұсылмандарға 4 ақпаннан 20 ақпанға дейін Қытайдың Бейжің қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салу туралы шешім қабылдағанын жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кеңес осындай жолмен Шыңжаңда қуғын-cүргін көріп жатқан мұсылмандарды қолдауды шешкен.

Кеңес мәлімдемесіне Ресей, Оман, Египет және басқа да елдің мүфтилері қол қойған. Бұдан бөлек Дүниежүзілік ұйғыр конгрессі жетекшілерінің қолы бар.

«Дүниежүзілік имамдар кеңесі – Ислам дініндегі барлық ағымдар мен мазхабтардың лидерлерінен тұратын мұсылман әлеміндегі ең алғашқы және ең ірі трансұлттық үкіметтік емес ұйым. Біз қуғынға ұшырап жатқан мұсылмандарды қолдаймыз. Қытай үкіметі диктатурасы арқылы елдегі мұсылмандардың құқығын, жалпы адам құқығын бұзып жатыр. Дүниежүзілік имамдар кеңесі Нажаф қаласындағы Қасиетті Ислам оқу орны мен Ислам әлеміндегі белгілі мүфтилер тарабынан берілген ұйғарымға сәйкес, мұсылмандарды Бейжіңдегі Олимп ойындарына қатысуға тыйым салу туралы шешім шығардық. Бұл ойындар ұйғырлардың геноциді үшін жауапты болған тирандық және деспоттық режимнің мүддесіне қызмет етеді» деп жазылған мәлімдемеде.


Бұдан бөлек мәлімдемеде кеңес «Бейжіңде өтетін қысқы Олимп ойындарына бойкот жариялаған ұйымдардың көбейіп жатқанын» құптайтынын білдірген.

Осының алдында АҚШ бастаған бірқатар елдер Бейжіңдегі ойындарға дипломатиялық бойкот жариялаған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Шыңжаңда мұсылмандарды қайта тәрбиелеру лагерін құрған көріністерді геноцид деп атап, Батыс елдері Қытайдың бірқатар шенеуніктеріне санкция салған.

Тағы оқыңыз:

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар