ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗДЫҢ ЕСІМІ «КИНЭС» РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

Dalanews 15 қыр. 2024 07:52 3316

Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында отандық 450 шебер рекорд орнатты. Олар «Гауһартас», «Сынық мүйіз» және «Аламан» құрақ техникалары бойынша 11 200 шаршы метр көрпеше құрап, «Кинэс» Қазақстан рекордтар кітабына енді,  деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ел абыройын асырған шеберлер қатарында Созақ ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақбілек Байтемірқызы да бар.  Айта кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында өтіп жатқан айтулы шараға әлемнің 85 елінен 4 000-ға жуық спортшы қатысуда. Спорт жарысынан бөлек бұл шараның мақсаты - отандық туризмді, этномәдениетті дамыту.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар