Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков 1951 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1973 жылдан - Қазақ химия-технология институтының оқытушысы - комсомол ұйымының хатшысы. 1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1979 жылдан Қазақстан ЛКЖО Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан - Қазақстан КП Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылдан - Түлкібас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - халық депутаттары Түлкібас аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Түлкібас ауданы әкімшілігінің әкімі. 1992 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 1993 жылға мамырдан - бірінші орынбасары. 1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1997 жылғы желтоқсаннан - ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан - ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан - ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Молдова Респбуликасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
«Құрмет» орденімен 4 медальмен марапатталған.
Дереккөз: ult.kz