Дубайдан қазақстандық экстрадицияланды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз Binance криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алып, сатып, айырбастап, 400 млн теңге сомасында заңсыз табыс тапқан.
"Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында күдікті жасырынып, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл ақпанда ол Дубайда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті тергеу изоляторына қамалды.