Дубайдағы IBA тұжырымы бойынша ерлер арасындағы әлем біріншілігінде қазақ боксшылары керемет нәтижеге қол жеткізіп, төрт бірдей отандасымыз ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Dalanews.kz
54 келі салмақта жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов жартылай финалда Непал елінің өкілі Тапа Чандра Бахадурді 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, финалда ресейлік Вячеслав Рогозинмен кездесетін болды. Естеріңізде болса, Сәкен бұған дейін дәл осы тұжырым бойынша әлем чемпионы атанған еді. Бұл — оның әлем біріншілігіндегі екінші финалы.
Ақтық сынға жолдама барысында тактикалық тұрғыдан өте сауатты өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақта 1/4 айналымда ресейлік Андрей Пегливаниянды жеңіп, алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығуға мүмкіндік алды. Оразбек осы жарысқа дейін де көптеген халықаралық додаларда ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап, тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген мықты боксшылардың бірі.


Естеріңізге сала кетейік, отандастарымыздың екеуі ақтық сынға өте алмай, қола жүлдені қанағат тұтты. Олар — 63.5 келі салмақтағы Ертуған Зейнуллинов пен 48 келіде өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов