Дубайда әлемдегі ең биік қонақ үй ашылды

Dalanews 16 қар. 2025 22:40

Дубайда әлемдегі ең биік қонақ үй ашылып, қонақтарды қабылдай бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ресми ақпарат бойынша жаңа кешен қаланың тағы бір ерекше символына айналады. Dubai Marina ауданында орналасқан ғимараттың биіктігі 377 метрге жетеді.

Ciel Dubai Marina қонақ үйінде 1004 номер бар. Ішінде азиялық, жерорта теңізі сияқты бірнеше стильдегі мейрамхана бар. Бұл қонақ үй тағы бір рекордты жаңартты. Мұнда әлемдегі ең биік Tattu Sky бассейні орналасқан. Ол қонақ үй ғимаратының 76-қабатында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар