Дубайға рейстердің тоқтатылу мерзімі ұзартылды

Дубайға рейстердің тоқтатылу мерзімі ұзартылды
ЖИ: Dalanews.kz

Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубай қаласына орындалатын рейстердің тоқтатылу мерзімін 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның мәліметінше, мұндай шешім Парсы шығанағы өңіріндегі тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған. Сондай-ақ қазан айынан бастап аталған бағыттар бойынша ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, рейстер саны қысқартылады.

Әуе тасымалдаушысы тоқтатылған рейстердің жолаушыларына бірнеше балама ұсынып отыр:

  • 2026 жылғы 20 қарашаға дейінгі рейстерге броньдалған санатты сақтай отырып, билетті тегін қайта рәсімдеу;
  • әуе билеті құнын толық көлемде қайтарып алу;
  • Air Astana компаниясының басқа халықаралық бағытына билетті тегін ауыстыру. Егер жаңа бағыттың тарифі қымбат болса, жолаушы айырмашылық құнын қосымша төлейді.

Компания жолаушыларға рейстер мәртебесін алдын ала тексеріп, сапарларын жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеруге кеңес берді.