Доллар 2024 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге жетті

Доллар 2024 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге жетті
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 450 теңгеден төмен түсіп, 2024 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

14 қыркүйектегі күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 447,80 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,17 теңгеге төмен. Соңғы рет доллар бағамы мұндай деңгейге 2024 жылдың маусымында түсіп, 447 теңге болған еді.

Ұлттық банктің 14 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – бір доллар үшін 450,91 теңге.

Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам:

сатып алу – 446,65 теңге;

сату – 448,71 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам:

сатып алу – 446,01 теңге;

сату – 453,01 теңге.