Джеки Чан Қазақстанға неге келгені айтылды

Сағыныш Сардарова 26 қыр. 2025 11:27

Әлемдік актер Джеки Чан Қазақстанға неге келгені айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Salem Entertainment мәліметінше, медиакомпания қабырғасында әлемдік кинематография аңызы, актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өткен.

"Біз ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келгені туралы ақпарат тарады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар