Disney Жетісу полицейлерін сотқа беруі мүмкін

Көркем Алдабергенова 09 жел. 2025 17:43

Жетісу полицейлері «Аңдар шаһары» кейіпкерлерін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Әділет министрлігінің өкілі Шолпан Әбдіреева хабарлады.

Оның айтуынша, кез келген мемлекеттік орган бейнематериал әзірлеу барысында мультфильм кейіпкерлерін қолданса, авторлық құқық иелерінен ресми түрде рұқсат алуы міндетті.

«Қазақстанда авторлық құқық туынды жасалған сәттен-ақ пайда болады. Сондықтан Disney өнімдерін, «Аңдар шаһары», Чебурашка, Алдар-Көсе және басқа да кейіпкерлерді рұқсатсыз пайдалану заң бұзушылық болып саналады. Авторлық құқықты заңсыз қолданған жағдайда азаматтық және қылмыстық жауапкершілік көзделген», - деді ведомство өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар