Бұл шара Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен Түркияның дін істері жөніндені басқармасы арасындағы келсім негізінде жүзеге асып отырғанын айта кетуіміз керек.
Тоқсаныншы жылдары шетелге діни білім алу үшін аттанған біраз жастарымыз түрлі ағымдардың соңына түсіп, ой-көзқарасы өзгеріске ұшырап, қоғамға қауіп төндіргені жасырын емес.
Ал қазір жағдай түбегейлі өзгерген. Бұл іске Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы араласып, шетелде діни білім алауға талпынған жастарға дұрыс діни білім беретін оқу орындарды таңдауына көкмектесуде.
Бұдан басқа еліміздегі діни білім беретін медерселерді ҚР Білім және ғылым минситрлігінің сертификатын алуына жәрдемдескенін де айта кетуіміз керек. Осылайша басқарма аз ғана уақыттың ішінде діни білім беру ісін бір жүйеге келтіріп, үлкен жұмыс атқарғанын атап айтуға болады.
Елордада өткен «Хасеки» институтына талпынған жастардың сынақ тапсыру ісіне Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Ағыбайұлы қатысып, талапкерлерге сәттілік тіледі.
– Қазіргі таңда діни білімі жоғары мамандар елімізде ауадай қажет. Сіздер Ислам діні жайында терең білім алғаннан кейін, елге келіп жұмыс істеу нәсіп етсін! – деді.
Биыл «Хасеки» институтына 57 талапкер құжат тапсырды. Екі күнге жалғасқан сынақ тапсыру кезінде санитарлық талаптар толықтай сақталғанын айта кетуіміз керек.