Димаш, Қайрат Нұртас, Дима Билан және Moldanazar: Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған концерт өтеді

Димаш, Қайрат Нұртас, Дима Билан және Moldanazar: Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған концерт өтеді

29 тамыз күні Қарағанды қаласында Шахтерлер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтеді. Салтанатты шараны Qarmet компаниясы ұйымдастырады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Концертте қазақстандық және шетелдік танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, сахнаға әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас, ресейлік орындаушы Дима Билан, сондай-ақ Moldanazar мен Dequine шығады. Сонымен қатар мерекелік бағдарламаға өзге де өнерпаздар қатысады.

Ашық аспан астында өтетін концерт кешкі сағат 18:00-де басталады. Көрермендерді танымал әндер, жанды дауыстағы әсерлі қойылымдар, заманауи сахна мен мазмұнды музыкалық бағдарлама күтеді.

Мерекелік кештің соңы дәстүрлі отшашумен аяқталады.

Концерт қайда және қашан өтеді?

📅 Күні: 29 тамыз
🕕 Басталуы: 18:00
📍 Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Әшімов көшесіндегі жаңа алаң

Биыл Qarmet компаниясы Шахтерлер күнін бірден бес қалада – Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Қаражал қалаларында атап өтуді жоспарлап отыр.