Зарема Шәукенова мәжіліс депутаты Серік Сейдумановтың әйелі. Ол 1965 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын психолог жұмысынан бастаған ол бірнеше лауазымды қызметтерді атқарды. Оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы философия және саясаттану факультетінің деканы қызметі де бар. Соңғы рет ол Білім және ғылым министрлігі жанындағы философия және саясаттану институтының директоры қызметін атқарған.
Зарема Шәукенова бірнеше еңбектің және 150-ге жуық ғылыми жұмыстың авторы. Ол мәжіліс депутаты, Алматы қаласы бұрынғы әкімінің орынбасары ретінде танылған Серік Сейдумановтың жұбайы. Олардың 2005 жылы туған Сабрина есімді қыздары бар.