Депутаттар каникулға кетті

Қаракөз Амантай 28 мау. 2024 14:40 4046

Елімізде екі палата депуттары каникулға шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті. Сөзінше, екінші сессияда екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды.

"Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық.

Сонымен қатар біз мүлде жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз. Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, Үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет", - деді Қошанов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар