Депутат шаруалардың жалақысын көтеруді ұсынды

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2026 14:13

Депутат Темір Қырықбаев шаруалардың жалақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, ауылдағы шаруалар агросектордағы ең өзекті әрі күрделі мәселенің бірі ретінде – кадр тапшылығын атап өткен.
"Әсіресе, малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың жетіспеушілігі  бар екенін жеткізді. Бұл жағдай ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейінің төмендігімен, еңбекақы мөлшерінің жеткіліксіздігімен және әлеуметтік қолдау тетігінің әлсіздігімен тікелей байланысты" , - дейді депутат. 

Аталған жүйелі мәселелер Жоғары аудиторлық палата есебінде де айқын көрініс тапқан. Атап айтқанда, зейнетақы жарналары аударылмаған азаматтардың санының айтарлықтай көп болуы назар аудартады. Бұл жағдай еңбек заңнамасының сақталу деңгейінде елеулі олқылықтар бар екенін көрсетеді. Мұндай үрдіс жұмыс берушілер тарапынан міндеттемелердің толық орындалмауы немесе бақылау тетіктерінің әлсіздігімен байланысты болуы мүмкін.

Мәжілісмен кадр тапшылығы агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің артуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін айтады. 

Осыған байланысты, Қырықбаев ауыл шаруашылығы саласына мамандарды тарту және оларды тұрақтандыру мақсатында кешенді әрі жүйелі өзгерістер енгізу қажет деп есептейді.

Бүгінгі таңға, Үкімет  Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді 2028 жылға дейін жоспарлап отыр. Депутаттың есебі бойынша ауылдағы шаруалардың тарапынан  көтеріп отырған кадрлық мәселесін толыққанды шешпей елімізді азық-түлік өнімдерімен 2028 жылға дейін өзін-өзі толық қамтамасыз етуге мүмкін емес.

Осыған орай депутат бірнеше ұсыныс айтты:

1. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мақсатында Үкімет тарапынан қосымша төлемдер қарастырып, жергілікті бюджет есебінен арнайы субсидиялау бағдарламасын енгізуді;

2. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтар үшін жеке табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін белгілеуді;

3. Аграрлық колледждер мен жоғары оқу орындарында мақсатты гранттар санын ұлғайтып, шәкіртақы көлемін арттыруды ұсынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove