Депутат «ҚазМұнайГаз» бен «Эйр Астанаға» талап қойды

Көркем Алдабергенова 17 нау. 2025 13:21 307
©Коллаж: Dalanews.kz

Депутат «ҚазМұнайГаз» бен «Эйр Астананың» монополиясын сынға алып, жанармай мен қымбат әуе билеттері бойынша шешім шығаруды талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева жанар-жағармай және әуе тасымалы нарығының монополиялануы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл жағдай жанармай тапшылығы мен билет бағасының қымбаттауына әкеліп соғып отыр.

Депутаттың мәліметінше, отын нарығының 80%-ын «ҚазМұнайГаз», ал жолаушылар әуе тасымалының жартысынан астамын «Эйр Астана» бақылауда ұстап отыр.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов жанармай нарығын ашық ету үшін цифрлық платформа енгізіліп жатқанын, ал авиация саласында бәсекелестікті күшейтуге күш салынатынын мәлімдеді. Осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі – Qazaq Air-дің вьетнамдық инвесторға сатылуы, ол авиапаркті кеңейтуге міндеттелген.

Сонымен қатар FlyArystan-ды «Эйр Астанадан» бөлу мәселесі қарастырылуда. Алайда соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Билік нарыққа жаңа ойыншылар шыққаннан кейін жағдайды бағалап, түпкілікті шешім қабылдауды жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар