Депутат Қарақат Әбден әйелдердің жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2024 16:38 1675

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдердің жұмыс күнін қысқартуды ұсынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

2023 жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 55,7 пайыз болған, алайда басшылық қызметте олар айтарлықтай аз, бары - 20,3 пайыз. Депутаттың сөзінше, Тәуелсіздік алған сәттен бастап саяси лауазымдарда қызмет атқаратын әйелдердің үлесі бірде-бір рет 15 пайыздан аспаған.

IPU Parline рейтингіне сәйкес саясаттағы әйелдердің саны бойынша Қазақстан 183 елдің ішінде 124-орында тұр. 

Бұл тұрғыда көрші Өзбекстанның көрсеткіштері ерекше назар аударады, онда жақында өткен парламенттік сайлау қорытындысы бойынша Парламенттің заң шығарушы палатасындағы әйел депутаттардың үлесі 38 пайыз болған.

"Қазақстанда аудандық мәслихаттардағы әйелдердің үлесі орта есеппен 21 пайыз болады. Бірақ бұл көрсеткіш аймақтарда айтарлықтай өзгереді. Мысалы, Түркістан облысында ол тек 6,5 пайыз болады. Квазимемлекеттік секторда негізгі лауазымдарда әлі де ер адамдар басым", - деді ол.

Депутаттың сөзінше, облыс әкімдіктерінің басшылығындағы әйелдердің үлесі - небәрі 10 пайыз, барлық дерлік облыстық басқарманы ер адамдар басқарады, ал "әйелдер орынбасарлар ретінде тыным таппайды".

Қарақат Әбден осы бағытта бірқатар маңызды ұсыныс жасады:

  • Скандинавия елдерінің тәжірибесіне назар аударып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыру. Бұл отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, жұмыс істейтін әйелдер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алады.
  • Бала күтімі бойынша инфрақұрылымды дамыту, яғни тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу, жұмыс орындарында балалар бөлмелерін құру қажет. 
  • Декреттік демалысты екі жылға дейін ұзарту.
  • Жұмыс орнындағы әйелдерді қорғауға бағытталған құқықтық шараларды күшейту.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар