Депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниясының басшысын сынға алды

Көркем Алдабергенова 12 ақп. 2026 14:12

Депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниясының басшысын сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Мәжілісте мұнай компанияларының Қазақстанда тауарды аз көлемде сатып алып, көбіне Қытайдан әкелетіні талқыланды.

Отырыста «Матен Петролеум» АҚ-ның бас директоры Лю Цзиньчэн компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен бар болғаны алты ғана ұзақмерзімді келісімшарты бар екенін айтты. Алайда ол бұл келісімдер нақты қай кәсіпорындармен жасалғанын атай алмады, жауап беру кезінде үнемі орынбасарына қарап отырды.

Бұл жағдай Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинге ұнамады. Ол мұнай компаниялары отырыстың күн тәртібін алдын ала білгенін, сондықтан қандай компаниялармен және қандай тауарларға келісімшарт жасалғаны «ауыздарынан автоматты түрде айтылуы тиіс» екенін қатаң түрде айтты. Әсіресе келісімшарттар саны небәрі алтау ғана болса, мұндай ақпаратты білмеу орынсыз екенін атап өтті.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove