Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Депутат айлығын құпия ұстамайтынын айтты.
"Шамамен таза түсетіні 780 мың теңге", - дейді депутат.
Айта кетейік, депутат арасында кішкентай балалардың тұсауын да кесумен айналысады. Алайда ол бұл "қызметі" үшін ешқашан ақы алмағанын айтқан.
Еске салайық, бұған дейін сарапшылар Қазақстанның ең жасы үлкен және ең жас шенеуніктері кімдер, олардың жалақысы қанша екенін анықтап көрген болатын.
Сонымен, еліміздегі ең жасы үлкен шенеуніктер қанша жалақы алады?
Сарапшылардың айтуынша, бұл олардың лауазымы мен жұмыс өтіліне байланысты. Ұлттық статистика бюросының жинағындағы мәліметтерге сай былтыр облыс әкімінің орташа атаулы жалақысы шамамен 1,7 млн теңге болған. Бұл - үстеме ақы, сыйлықақы мен басқа да қосымша төлемдер ескерілмегендегі базалық сома. Министрлер мен олардың орынбасарлары аймақтардың басшыларына қарағанда азырақ жалақы алады: 1,5 млн теңге.
