Депутат басшылық ауысса, команданы ертіп келуді тоқтатуды талап етті

Көркем Алдабергенова 18 нау. 2026 12:41

Қазақстанда мемлекеттік қызметте жаңа басшы келсе, онымен бірге тұтас команда ауысатын жағдайлар жиі кездеседі. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бұл тәжірибені тоқтату қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Пленарлық отырыста ол мұндай ауыс-түйісті «командалық сөз байласу» деп атап, басшы кеткенімен, қызметкерлер орнында қалуы керек екенін айтты.

"Командалық жұмыс, командалық сөз байласу туралы біз 10 жылдан бері айтып келеміз. Бізде әкім ауысса, тұтас команда ауысады. Бұл мәселені де 10 жылдан бері көтеріп жүрміз. Осындай командалық ауысуды тоқтатуымыз керек. Жаңа министр, жаңа әкім тағайындалса, бұрынғы команда орнында қалуы тиіс", – деді Базарбек мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын талқылау кезінде.

Сонымен қатар депутат мемлекеттік қызметкерлер үшін жұма күнін «шығармашылық күн» ету туралы ұсыныс айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove