Демалыс күндері қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Солтүстік-батыс циклоны және атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ болжанып отыр.
Ал Қазақстанның батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Соның нәтижесінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін жетіп, қатты ыстық болады.