Дайындық па? Алматыда үйінді астында жатқан адамдарды іздеуге арналған радар көптеп сатып алына бастаған

Көркем Алдабергенова 11 нау. 2024 16:02 2004

Алматыда үйінді астында жатқан адамдарды іздеуге арналған радар көптеп сатып алына бастаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жақында журналист Михаил Козачков мемлекеттік сатып алу сайтындағы лотқа көзі шалып қалған. Алматыда үйінді астында жатқан адамдарды іздеу үшін 5 радар сатып алынған. Ол үшін мемлекеттен 53,5 миллион теңге бөлінген.

Бұл ақпаратқа қатысты Алматының құтқару қызметі пікір білдірді. Олардың сөзінше, бұл құралдарды сатып алу өткен жылдан бері жоспарланған көрінеді.

"Оның ішінде шатырлы қалашық, құрал-жабдықтар, гидроқұтқару құралдары, үйінді астынан зардап шеккендерді анықтауға арналған құрылғылар да бар. Құтқарушылар міндеттерінің қатарында әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыс бар. Мысалы, көшкін, қар көшкіні, жарылыс, зардап шеккендердің орнын тез арада анықтау қажет", - дейді ұйым өкілдері.

Айта кетейік, Алматыда 4 наурызда 12.22-де 5 балдық жер сілкінісі болған еді. Артынша жауапты ведомстволар Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды деп сендірген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар