Министрдің айтуынша, бұл аптада Қазақстан мемлекеттік шекарасының барлық периметрлері бойынша бақылау күшейді. Алайда, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың пікірінен БАҚ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы аумаққа ерекше мән беріп отыр.
– Жоспарлы жұмыстар жүріп жатыр. Қазақстанның мемлекеттік шекарасының барлық периметрлері бойынша бақылау күшейді. Бұқаралық ақпарат құралдары Атамбаевтың мәлімдемесінен кейін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы аумаққа ерекше мән беріп отыр. Менің білуімше президенттік сайлауға байланысты мұндай қауіпсіздік шаралары өзге де іргелес мемлекеттермен жүргізіледі. Бұл қалыпты тәжірибе, – деді министр.
Дәурен Абаевтың сөзіне қарағанда Қырғызстанмен шекарадағы Қазақстанның Шекаралық қызметі адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеруді күшейткен. Сондай-ақ, шекараны кесіп өтуге ешқандай шектеулер мен тыйымдар салынбаған.
– Соңғы үш күнде қырғыз тасымалдаушыларының көлік және кеден заңнамасын бұзу фактілері көптеп байқалды. Осылайша, тексеруден өткен 447 көлік құралының арасынан өрескел заң бұзған 78 автокөлік анықталды. Олардан салмақ габаритінің параметрлерін асыру, каботаждық тасымалдар, қазақстандық рұқсатнаманың болмауы және өзге де заң бұзушылықтар табылған. Одан бөлек, жеті жолаушылар автобусы тұрақты жолаушылар тасымалына рұқсаттың болмауынан айып тұрағына орналастырылды. Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 3 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, – деді министр.
Одан бөлек, фотосанитарлық бақылауды күшейткен сәттен бастап, бес заң бұзушылық анықталды. Жалпы көлемі 25 тонна азық-түлік қайтарылып, 68 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. «Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай туралы ҚР Үкіметі ел азаматтарына тұрақты түрде хабар беріп отырады», - деп хабарлады министр. Қырғызстанның шекара қызметі республика президентін сайлауды өткізу және оған дайындалу кезінде 2017 жылдың 10 қазаны күні сағат 20:00-ден бастап Қазақстан азаматтарды және көлік құралдарын өткізу бақылаудың күшейтілген режіміне ауысты.
Қырғызстандық тараптан да шекаралық бақылаудан өтуде еш шектеу жоқ. Сол күні ҚР ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараның барлық периметрлері бойынша жоспарлы операция жүргізетіндерін мәлімдеді. Шекараны кесіп өтуде шектеулер мен тыйымдар болған жоқ, алайда шекарадан өткен жолаушыларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеру күшейген. Келесі күні ҚР ҰҚК сайлау күні жаппай тәртіпсіздіктерге дайындық туралы қырғыз билігінің мәлімдемесінен кейін Қазақстан аумағына қылмыстық элементтерді кіргізбеу бойынша қосымша шаралар қабылдап жатқанын хабарлады. Жоспарлы операция аясында ҚР Шекара қызметі экономикалық контрабанда, шекаралық режім мен көші-қон заңнамасын бұзу және оқ-дәрілерді тасуға әрекеттену секілді фактілерді анықтады. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев мұндай «жағымсыз операцияларды» жүргізудің басты себебі Қытайдан Қырғызстанға төмен бағамен тауар жеткізіп, оны Қазақстан мен Ресейге кері экспорттайтын «тәсілдерімен» күрес деп есептейді.
Автор: Айжан Серікжанқызы