Freedom Inside '26

Дастан Сәтпаев “Қайрат“ сапындағы соңғы ойындарын өткізеді

Дастан Сәтпаев “Қайрат“ сапындағы соңғы ойындарын өткізеді
Арман Жақсығұлов /"Қайрат" ФК

Алматылық клубтың жас шабуылшысы "Атырау" және "Қызылжарға" қарсы ойындардан кейін командамен қоштасып, мансабын лондондық Челси клубында жалғастырады, деп хабарлайды dalanews.kz.

13 маусымда сағат 18:00-де "Қайрат" өз алаңында "Атырауды" қабылдайды. Ал 17 маусымда сағат 19:00-де алматылықтар "Қызылжармен" кездеседі.

Клуб мәліметінше, "Қызылжарға" қарсы матч аяқталған соң Орталық стадионда Дастан Сәтпаевқа арналған арнайы қоштасу рәсімі өтеді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2016 жылы "Қайрат" академиясына қабылданған. Осы жылдар ішінде ол негізгі құрамның көшбасшыларының біріне айналып, клубтың рекордтарына қол жеткізді әрі жанкүйерлердің сүйікті ойыншысы болды.