Қазақстан құрамасы мен Лондонның «Челси» клубының вингері Дастан Сәтбаев Италияның әйгілі «Милан» командасына қарсы жолдастық кездесуді қосалқы құрамнан бастайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Челсидің» баспасөз қызметі жариялаған құрамға сәйкес, қазақстандық футболшы негізгі құрамға енбей, матчты қосалқы ойыншылар қатарында күтеді. Сондай-ақ, украиналық Михаил Мудрик те алғашқы минуттардан алаңға шықпайды.
Еске салайық, маусым алдындағы алғашқы ойында «Челси» австралиялық «Вестерн Сиднейді» 6:4 есебімен жеңіп, сол кездесуде Дастан Сәтбаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соққан еді. Кейін «Тоттенхэмге» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, ал «Ювентуспен» кездесуде 65-минутта ойынға қосылған болатын.
«Челси» мен «Милан» арасындағы кездесу Индонезияда өтеді. Матч 8 наурыз күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.