Дариға Назарбаева немерелерімен Дубай әуежайында көзге түсті

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2025 10:59 712

Дариға Назарбаева немерелерімен Дубай әуежайында көзге түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сурет журналист Сырым Итқұловтың телеграм каналында тарады. Суретті журналистің оқырмандары жіберген.

Журналистің сөзінше, Дарияға Назарбаева Дубайдан Астанаға немерелерімен ұшпақ болған жерінде көзге түскен. 

Еске сала кетейік,былтыр желтоқсанда Дариға Назарбаевамен байланысты компаниядан Астанадағы қонақүй тартып алынғанын хабарлаған едік. 

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» ЖШС балансына жалпы сомасы 89,9 млрд теңге болатын 70 актив берілді (оның ішінде құны 2,8 млрд теңге болатын зергерлік бұйымдар). Олардың қатарында тұрғын үй жылжымайтын мүлкі, әкімшілік ғимараттар, «Думан» қонақүй кешені, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестері («Жаркент су», «Тұлпар»), өндірістік база, асхана, жанармай құю станциялары, жер учаскелері, аяқталмаған құрылыс нысандары және басқалары бар», – деп хабарлады Қайтарылған активтерді басқару компаниясының баспасөз қызметі.

Қазақстанда төрт актив сатылған: Астанадағы екі қабатты тұрғын үй және Алматыдағы үш актив (Байтурсынов көшесі, 46 мекенжайындағы әкімшілік ғимарат, Наурызбай ауданындағы «Байтақ» ықшамауданындағы жер учаскесі және «Орион» бизнес-орталығы).

Шетелде екі автомобиль (Aston Martin, Rolls-Royce) Біріккен Араб Әмірліктерінде және Түркиядағы үш жылжымайтын мүлік (Мугла, Бодрум аймағындағы екі тұрғын үй: Гөкшебел, Тилкиджик аудандарында және Стамбұлдағы бір пәтер) сатылған.

«Азаттық радиосы» бұған дейін 2014 жылы «Думан» қонақүйін сатып алған «Армания» ЖШС-ның түпкілікті иелері Қайрат Шәріпбаев пен Дариға Назарбаевамен байланысы бар екенін анықтаған болатын.

2014 жылдың жазында қонақүй 14 млрд теңгеге саудаға шығарылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар