Дархан Сатыбалды келгеннен кейін Алматыны басқару схемасы өзгерді

Cағыныш Сардарова 08 там. 2025 15:02

Дархан Сатыбалды келгеннен кейін Алматыны басқару схемасы өзгерді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXII сессиясы өтті.

Сессия аясында депутаттар бірқатар маңызды шешімді қарап, қолдады. Соның ішінде қаланы басқарудың жаңартылған схемасы бекітілді. Өзгерістер әкімшілік құрылымның тиімділігін арттыруға және Үкімет бекіткен базалық құрылымға сәйкестендіруге бағытталған. Атап айтқанда:

- экономика басқармасы мен Қаржы басқармасы біріктіріліп, Экономика және қаржы басқармасы болып құрылды;

- қоғамдық даму басқармасы Ішкі саясат басқармасы болып қайта аталды;

- қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Сәулет және қала құрылысы басқармасы болып өзгертілді;

- сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасы Мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы болып қайта құрылды;

- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы болып аталды.

Жол-көлік саласын қайта ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Қалалық мобильділік басқармасы екі дербес органға бөлінеді. Олар:

- жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы – қоғамдық көлікті, паркинг кеңістігін, бағдаршам нысандарын, жол таңбалары мен белгілерін реттеу функцияларын орындайды;

- жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы – жол желісін, көлік торабы нысандарын (ТПУ), метро, LRT, BRT және аялдама кешендерін салу мен дамытуға жауапты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар