Дархан Маханов Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, тиісті бұйрыққа ішкі істер министрі қол қойған.
ІІМ атап өткендей, полиция полковнигі Дархан Махановтың ішкі істер органдары жүйесінде мол тәжірибесі бар. Бұған дейін ол кейіннен комитет болып қайта құрылған бейінді департаментті басқарған.
