Дәрігерлер матч кезінде қайтыс болған футболшы Диастың қандай күйде жеткізілгенін айтты

Көркем Алдабергенова 17 қаз. 2025 11:36

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы футболшы ауруханаға қандай жағдайда түскенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2006 жылы туған жас футболшы клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Оны оқиға орнында кезекшілік атқарған жеке медициналық жедел жәрдем бригадасы алып келген.

Қабылдау кезінде пациенттің тамыр соғысы мен артериялық қысымы болмаған, қарашықтары кеңейген. Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізгенімен, барлық қолданылған шараға қарамастан, өмірлік белгілерді қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді.

Марқұмның денесі өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Еске салайық, 16 қазанда "Хан тәңірі" мен Екібастұз футбол клубтары арасындағы ойын кезінде 19 жастағы футболшы Диас Төлеу кенеттен қайтыс болды

Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсететін алматылық клуб ойыншысы кездесу барысында жарақат алып, кейіннен қаза болды. Қайғылы оқиға туралы "Хан тәңірі" футбол клубы да ресми хабарлап, Диастың жақындарына көңіл айтты. 

8 номерде ойнаған Диас Төлеу "Қайрат" футбол клубы академиясының тәлімгері. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар