Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шақалақ 1 сағат ішінде шетінеп кетті. Ал анасы қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің туыстары дәрігерлер кесір тілігін жасау үшін ақша сұрағанын, оны бермегендіктен ана мен балаға қажетті көмек көрсетілмегенін айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz агенттігі “Астана” телеарнасына сілтеме жасап.
Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаева жүктілігінің 41 аптасында облыстық перинаталдық орталығына келген. Аудандық аурухана баланың дені сау екенін айтып, әйелді кесір тілігін жасау үшін орталыққа жіберген. Алайда туыстарының айтуынша, мұнда дәрігерлер әйелдің медициналық картасын қарамай, жеті күн бойы жатқызып қойған. Нәтижесінде сәби өмірге келген соң бір сағат ішінде шетінеп, анасына қан кету салдарынан жатырын түгел алу операциясы жасалған.
Жолдасы Ермұхан Әміреевтің сөзінше, дәрігерлер алдын ала 20 мың теңге сұраған, бірақ олар оны бермеген.
“20 мың теңге не істейін дейді. Аман есен босанып алсам, берем дедім дейді. Алдын ала емес деп айттым дейді. Алдын ала бере алмаймын, егер алдын ала берсем ол босанатын еді сенбі күні кесарево жасай салатын еді”, - дейді әйелдің жолдасы Ермұхан Әміреев.
Әпкесі Айгерім Маратқызы да дәрігерлердің әрекетіне наразы.
“Сіңілім өздігінен босана алмайды, оны кесарьвомен осы жаққа жіберіп тұр. Врач менің сіңілімнің историясын қараған кезде, оның бетінде кесарьво дегенді оқыған кезде оны сол понедельник күні болмаса вторник күні жасап қою керек еді. Мен жанында болдым даже кесарьво жасашы, кесіңдерші деп жылаған кезде де бізге өзі туады, өзі туады деп аяғына дейін сіңілімнің өмірімен рисковать етті. Міне бала өлді”, - дейді ол.
Шетінеп кеткен сәби 4 келі 400 грамм болып туған. Жақындары дәрігерлерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.
“Зерделеу үшін жұмыс тобы құрылады. Сол арқылы тәуелсіз сараптама тағайындалып, комитет контроль медециноский қызметі бойынша деген бар. Сол жаққа жүгінеміз. + Заң бойынша қол ақы берудің қажеті жоқ. Ол заңсыз. Біздегі ҚР заңына сәйкес босандыру бәрі тегін өту керек”, — Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев.
