Дания үкіметі Гренландияға жіберілген әскери бөлімдерге АҚШ тарапынан ықтимал шабуыл жасалған жағдайда ұрысқа дайын болу жөнінде нұсқау берді. Бұл туралы Данияның қоғамдық телерадиокорпорациясы DR мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Телеарнаның мәліметінше, өткен аптада жарияланған дат әскери бұйрығында Гренландиядағы сарбаздар жауынгерлік оқ-дәрімен толық қарулануы тиіс екені көрсетілген. Ақпаратты AFP агенттігі де растады.
Құжатта «көп кезеңді әскери операция» қарастырылған. Онда жағдай ушыға қалған жағдайда аймаққа қосымша әскер мен әскери техниканы кезең-кезеңімен жіберу мүмкіндігі бар екені айтылған.
Алайда DR қауіпсіздік мақсатында операцияның нақты жоспарлары мен егжей-тегжейін жарияламауға шешім қабылдаған.
