- Тұңғыш Президентіміз - еліміздің негізін қалаушы, елдігіміздің символы, тәуелсіз Қазақстанның төл тарихының бастауында тұрған тұғырлы тұлға!
Мемлекеттік басқару саласында Нұрсұлтан Әбішұлымен 30 жыл бірге қызмет еткен жылдар мен үшін ең бақытты кезең деуге болады.
Мен Елбасымыздың көптеген саяси шешімдерінің куәсі бола тұра, бойындағы бірегей қасиеттерді атап өткім келеді. Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары білімді, тәлімгер, әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайтын, қоғамның назарын бірден өзіне аудара білетін зор тұлға дер едім.
Барлық істің жауапкершілігін өзіне алатын адам. Яғни бір мәселені Парламент немесе Үкімет жігіне аудармай, өзі ғана жауап береді. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының данышпандылығы, көрегенділігі. Бұған дәлел болатын бірнеше жайттар бар.
Соның бірі 90-шы жылдардың ортасында, яғни мемлекетіміздің енді тұрақталу кезі болатын. Жасыратыны жоқ, бұл Қазақстан үшін бір қиын кездердің бірі болды. Өйткені біз нарықтың экономика, оған қалай бейімделу керек екенін білген жоқпыз. Осы ретте Ұлт Көшбасшысы сол кездегі ел астанасы Алматы қаласына әр аптаның сәрсенбі күндері бізді жинап, екі күн бойы тапсырмаларын тізбектеп жазатынбыз. Экономика мен қоғамның ашықтығына ұмтылды .
Нұрсұлтан Әбішұлының тәлімгерлігінің, кемеңгерлінің нәтижесінде еліміздің іргесі нығайып, әлемдік аренада беделі арта берді.
https://youtu.be/rrl2cFqigZQ