Облыс көлемінде жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысы талқыға түскен кеңейтілген аппарат отырысында аймақ басшысы жауапсыз мердігерлер мәселесіне ерекше тоқталды.
– Бажов көшесіндегі істелініп жатқан жұмыста сапа жоқ. Екі жылдан кейін жолдың жағдайы қаз-қалпына түседі. Біз жұмыс ақысын толық төлейміз, ал олар мойындарына алған міндетті толық орындамайды. Арнайы комиссия құрып, учаскеге тексеру жүргізуді тапсырамын. Барлық кемшіліктер жойылуы тиіс, – деді Даниал Ахметов.
Жалпы Өскемендегі жолдарды жаңартуға 8 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр. Олардың 5,7 млрд. теңгесі қайта құруға жоспарланса, 1,5 млрд. теңге орта жөндеуге, 900 млн. теңге көше-жол желілерін ұстауға бағытталған. Бүгінде орталық көшелерде орта жөндеу жұмыстары 90 пайызға дейін орындалды.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
https://dalanews.kz/30625