Данияр Мейірханға қатысты іс тоқтатылды

Данияр Мейірханға қатысты іс тоқтатылды
Фото: gov.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сондай-ақ оған қарасты 20-ға жуық қызметкердің ұжымдық арыз жазғаны айтылған.

Осы жағдайдан кейін ІІМ қызметтік тексеріс жүргізу барысында Данияр Мейірханды уақытша қызметінен шеттеткен еді.

Данияр Мейірхан – полиция полковнигі. Ол 2025 жылдың қыркүйегінен бері ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін басқарды.