Дамудың даңғыл жолына түскен Ұлан ауданы

Dalanews 24 жел. 2015 23:41 1147

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық даму жағынан Ұлан ауданы бүгінде көпшіліктің назарын аударып отыр. Осылайша ауданымыз облысымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Ауданымыз төрт түлік мал өсіріп, мал шаруашылығын кеңінен өркендетуге қолайлы жер. Бұл үшін тек мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана білудің маңызы зор деп есептеймін. Соңғы жылдары «Сыбаға»,  «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша  жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары несие алып, мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп жатыр.


2015 жылғы ауданның  бекітілген бюджеті 4 178,4 млн. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен  түскен жәрдемқаржы мен трансферттер – 2 634,1 млн. теңге, өзіндік кіріс 905,4 млн. теңгені құраған.


Ұлан ауданының 2015 жылдың 1 қарашасына жөнделген бюджеті 3 902,4 млн. теңгені құрайды, оның ішінде өзіндік кіріс – 900,6 млн. теңге, бұл жалпы түсімнің 25,5%-ын құрайды. Ағымдағы жылға өзіндік кіріс болжамын 109,8%-ға өсіммен жоспарлап отырмыз.


2015 жылдың он айының қорытындысы бойынша  негізгі капиталға инвестиция салу көлемі 3689,3 млн. теңгені құрайды. Өнеркәсіптік өнімдер көлемі 13 903,7 млн. теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың қазанына 174 кіші бизнес кәсіпорны тіркелген, саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға артқанын байқауға болады. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 43,7%-ға  көбейді және 125 бірлікті құрады. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны 16,9%-ға өсіммен 90 бірлікті құрады. Осылайша дағдарысқа қарамастан аудан тұрғындары мемлекеттік қолдауларға сүйене отырып, кәсіпкерлікпен айналысуға бет бұрғанын мақтанышпен айта аламын.  Улан


Өнеркәсіптік өнімдердің  негізгі үлесін (98,6%) өңдеу өнеркәсібі құрайды. 2015 жылдың өткен кезеңіне өндіру көлемі 12 630,6 млн. теңгені құрады.


2015 жылдың қаңтар-қазанында аграрлық секторда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 17 953,1 млн. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6% артық.


Үдемелі  индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  ауданда 3 инвестициялық жоба ұсынылды. Жылына 20 000 тоннаға дейін ет өндіруге «Өскемен құс фабрикасы» АҚ кеңейту жобасын ерекше атап айтуға болады. Қазіргі таңда кәсіпорын жоспардан артық 24 мың тоннаға дейін құс етін өндіріп келеді. Бұдан басқа құны 150,0 млн. теңгеге бағаланған полиэтиленді құбыр өндіру зауыты да ауданымыздың мақтанышына айналып отыр. Үшінші, құны 1779,0 млн. теңгелік «Айтас КК» ЖШС еттен жасалған тағамдар мен үй құсы етінен жасалған тағамдар өндіру бойынша зауыт құрылысын салу да жоспарлап отырмыз. Саратовка ауылының маңайында 2014 жылы «Уылдырық пен Бестер гибриді тұқымының бекіре балығының етін өндіру» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба аясында өңірде балық өнімдерінің маңызды өндірісін қалыптастырып, Қазақстан мен сырт елдерге балық өнімдерін шығаруды көздеп отырған жайымыз бар. Жобаның жалпы құны – 1623,4 млн. теңге, оның ішінде «ҚазАгроФинанс» АҚ қарызға алынатын қаражат 1379,844 млн. теңге және өзіндік қаражат  243,502 млн. теңгені құрайды. Жоба  бойынша үш тұйық сумен жабдықтауды орнату (ТСЖО) модулін салу жоспарланған. Бір модуль етке өнімділігі жылына 45 тонна бекіре өсіру үшін, екі модуль өнімділігі 4 тонна бекіренің тағамдық уылдырығын өсіруді көздейді.


«ҚазАгроФинанс» АҚ жобасын жүзеге асыру үшін несие желісі ашылған, 2014 жылдың қазанында 308,0 млн. теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге бірінші үлесті несие (транш) алынған. Өзіндік қаражаттан 40,0 млн. теңге игерілді. Оның ішінде 26,0 млн. теңгесі жобалық-іздестіру жұмыстары және 14,0 млн. теңгесі жобаны ортақ қаржыландыру. Екінші үлесті несие (транш) 2015 жылдың маусым айында 330,0 млн. теңгеге өткізілді. Технологиялық құрал-жабдықтар SIA «AKVAFerma» (Латвия) компаниясынан жалға беру бойынша 424,2 млн. теңгеге алынғанын айта кетуіміз керек.


«Өндіріс 2» бағдарламасы бойынша Тарғын ауылында «Болашақ» шаруа қожалығы «Заманауи орамасымен, өндірістік толық кезеңмен жоғары сапалы ет өндіру бойынша  сатылы-біріктірілген компания құру» жобасын іске асыруда.


Жоба бойынша жылына 200 тонна сиыр етін, 100 тонна жылқы етін және 40 тонна қой етін өндіру қарастырылған. Кәсіпорынға қажетті құрал-жабдықтар Ресейден, Словакиядан және Қазақстаннан алынды.


Улан01


Ұлан ауданы негізінен мал шаруашылығын дамытуға бағытталған аймақ. Қазіргі уақытта ауданда 39 асыл тұқымды шаруашылық қызмет жасауда, оның ішінде ет бағытында – 9, сүт бағытында – 4, қой шаруашылығы – 6, жылқы шаруашылығы – 8, бал шаруашылығы – 10, марал шаруашылығы – 1 және шошқа шаруашылығындағы 1 шаруашылық.  Ірі қара шаруашылығында асыл тұқымды мал үлесі – 15,2% құраса, қой шаруашылығында – 9,3%, жылқы шаруашылығында – 16,7%, марал шаруашылығында – 100%, бал шаруашылығында – 45,6%, шошқа шаруашылығында – 19,7%.


Ауданда бүгінгі күні 11 ірі қараны жемдеу  алаңдары бар. Осы кәсіпорындарда 524 тонна сиыр еті өткізілді.  Ірі қара мал басы 54 мың басқа дейін өсті. Ауданның мал шаруашылығын дамытудың басты мақсаты – сүт-тауарлы фермалары мен жемдеу алаңдарының құрылысын салу, қайта құру, асыл тұқым сапасын жақсарту және жасанды ұрықтандыру жолымен асыл тұқымды сиырлардың санын көбейту.


«Алтын асық» бағдарламасы бойынша Бозанбай ауылдық округінде 600 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 137 бас жылқы алынды. Берілген несиенің жалпы соммасы – 50,8 млн. теңге. Өзіндік қаражат есебінен ауыл шаруашылығын қалыптастыруға 823 бас ірі қара  және 254 бас жылқы, 834 бас ұсақ мал сатып алынды.


«100 нақты қадам» ұлт Жоспарының 60-шы қадамы сүт пен сүт тағамдарын өндіруге бағытталған. Осыған байланысты біздің ауданда ағымда «Сағынқұмаров» сүт-тауарлы фермасын салып, «ДеЛаваль» фирмасының жабдықтары сатып алынды. 55 гектар суармалы жер  пішендемеге көпжылдық шөп тұқымын себу үшін берілді. Сүт сауыны бір сиырға 12,5 литрді  құрайды.


Бұдан басқа «Айтқазин» қожалығы сүт фермасын салып,  бүгінде күні 100 сиыр сауып отыр. Күнделікті сауылған сүт 2000 литрді құрайды.


Ең ірі 600 басқа сүт фермасы құрылысын салу, «Багратион-2» қожалығына жүктелген болатын. Жобаның құны 497,0 млн. теңгеге бағаланған. Техника мен сүт сауу жабдықтарын жалға алып пайдалану туралы келісімшарты қолдау тапты. Кәсіпорынды іске қосу 2016 жылдың наурыз айына жоспарланған.


Алдағы жылы «Борсақ» қожалығы – 200 бас, «Тоғанас» қожалығы – 100 бас, «Қайрат» қожалығы 400 басқа арналған сүт фермасын іске қосатын болады.


Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың егістік алқабы  өткен жылғыдан 1,9%-ға  өсіммен 42,1 гектарды құрады. Зәйтүн – 26,6 га, өткен жылғыдан  16,1%-ға  төмендеуімен, картоп – 1,2 га,  15,6%-ға өсіммен, көкөніс –17,4%-ға өсіммен 0,31 га құраса, жемдеу дақылдары өткен жылғы деңгейде себілді.


Ағымдағы жылда картоп, көкөніс және жемдеу дақылдарын егетін алқаптарды ауылдық округтердегі пайдаланылмаған жерлер есебінен ұлғайту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғанын айта кетуіміз керек. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын салатын алқаптарды әртараптандыруға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Егіс құрылымында дәнді дақылдардың үлес салмағы 34,5%-ға жеткізілді, жемдеу дақылдары 41,8 %-ға дейін, күнбағыс егіс құрылымында 21,8%-ға дейін жетті.


Ұлан ауданының ауыл шаруашылығын қалыптастыруға күзгі жинау жұмыстарын жүргізуге 2015 тонна дизельдік жанар май бөлінді. Ауданда суғарудың су үнемдегіш жүйесі енгізілді – бұл жаңбырлату, оның ішінде  «КХ Багратион ВВГ» ЖШС 20 «Фрегат» жаңбырлату қондырғысы қолданылады және «Екимбаева» ШҚ  Канадада жасалған 3 «Валлей» жаңбырлату жүйелері және «Украинка» ЖШС  2 «Валлей» қолданылуда. Ағымдағы жылда  «Украинское» ЖШС суармалы алқабы 300 га ұлғайтпақшы.


Азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында ауданның жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлер негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына 10% үстемелеп сатуды орнату туралы 151 меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ауданда 1642,5 тонна жеміс-көкөніс және дәмді тағамды өнімдерге  уақытша тұрақтандыру  қоры құрылған. Ауыл шаруашылық құрылымдарымен 22 меморандум жасалды.


Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша «Демалыс күн» жәрмеңкесі жаңаша даму үстінде. Жыл басынан бері аудан орталығында 21,3 млн. теңгеге 37 «Демалыс күн» жәрмеңкесі өткізілді. Ұлан ауданы Өскемен, Астана қалаларындағы жәрмеңкелерге белсене қатысады.


Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларына 3286,8 млн. теңгені құрады. 2015 жылдың қазан айына 3651 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.


2014 жылы Ұлан ауданында жалпы соммасы – 238,0 млн. теңгеге екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қолданысқа берілді.


«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй жинақ банкі»» АҚ тарапынан Қасым Қайсенов кентінде 95 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталды. Сондай-ақ,  осы бағдарлама бойынша Қазақстан ипотекалық компания желісі бойынша 40 және 100 пәтерлік тұрғын үй  құрылысы басталды. Бас мердігер – «Малик»  ЖШС. Екі тұрғын үй құрылысының  жалпы сметалық құны  982 млн. теңгені құрайды. Құрылысты аяқтау мерзімін 2016 жылдың наурыз айына белгілеп отырмыз.


Ауданда сумен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 161,7 шақырымды  құрайды, оның ішінде магистральді су таратқыш – 64,6 шақырым. Аудандағы 47 елді мекеннің ішінде 3 елді мекенде (Қасым Қайсенов кенті, Таврия ауылы және ішінара Бозанбай ауылында) орталықтандырылған су тарту жүйесі бар. Халықты су тарту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 2015 жылға 17,8%-ды құрайды. Кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 17,6 шақырым.


2015 жылы облыстық бюджет есебінен жалпы соммасы 90,5  млн. теңгеге Қасым Қайсенов кентіндегі орталықтандырылған қазандықты қалпына келтіру жұмыстары жалғасты. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы  бойынша  даму қорынан 45,8 млн. теңге 5-ші қазандықты ауыстыруға бөлінді.


Аумақтарды дамыту бағдарламасының аясында 37,4 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы Айыртау, Саратовка, Ұлан, Асубұлақ ауылдарында және Қасым Қайсенов кентінде 5 балалар алаңын орнату жұмыстары жүргізілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Жеңістің 70-жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы жылдарында қаза болғандарға арналған Батырлар аллеясы  ашылды. Аллеяда Кеңес Одағы батырларының және Халық Қаһарманы Қ. Қайсеновтің бюсттері орнатылған және Қ. Қайсеновтің туған жері Асубұлақ ауылында да оның бюстін орнаттық. Өскемен құс фабрикасы саябағының құрылысы аяқталуда. «Жылылап жаңарту» бағдарламасы бойынша Қасым Қайсенов кентіндегі №18 және 22 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеудің жалпы  сметалық құны 47 млн. теңгені құрайды.


2015 жылға қаржыландырудың  барлық көздері есебінен ауданның аз қамтылған азаматтарына қолдау көрсетуге 19,6 млн. теңге бөлініп, 1 қарашаға 17,4 млн. теңге игерілді.


Облыс әкімінің гранты бойынша қазіргі уақытта жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан 16 студент білім алуда.


2015 жылы 11 студент оқуларын бітіріп, барлығы да біздің Ұлан ауданына жұмысқа орналастырылды.


Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар есебінде тұрғандар саны 2015 жылдың 1 қарашасына  183 адамды құрап, жұмыссыздардың үлесі 0,8%-ды құраған.


Халықты жұмыспен қамту саласын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жоспарында қарастырылған. Дер кезінде қолға алынған іс-шаралардың арқасында  521 адамды жұмысқа орналастырып, 952 жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік алдық. Бұдан басқа ақылы қоғамдық жұмыстарға 505 жұмыссыз адам тартылса, кәсіби даярлау және қайта даярлауға 50 адам жіберілді. «Жастар тәжірибесіне» 14 жоғары  оқу орындары мен колледж бітірушілер жолданды. «Әлеуметтік жұмыс орындарына»  «Парасат», «Ырыс», «Айдын», «Талап»,  «Ерназ», «Диірмен», «Мерей», «Азамат» шаруа қожалықтарына 17  адам  жіберілді.


2015 жылы  ауданда  барлығы 11 бос орын жәрмеңкесі өткізілді.  Жәрмеңке нәтижесінде 15 адам жұмысқа орналасты, 7 адам оқуға жіберілді, жастар тәжірибесіне – 4 адам және  қоғамдық-ақылы жұмыстарға 10 адам жіберілді. 103 адамға кеңес берілді.


1992 жылдан бастап Ұлан ауданына 9712 оралман қоныстанды. Бүгінгі күні 796 отбасы, 3951 адам тұрады. Оралмандар тарапынан 157 шаруа қожалығы ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығын  жүргізуге оған 18 мың гектар жер бөлінді. 2015 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 29 мүгедек жүгінді. Оның ішінде 5 адам жұмысқа орналасты, 14 адам қоғамдық-ақылы жұмыстарға жолданды, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1 адам, кәсіби оқуға 1 адам жіберілді.


«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2015 жылға  242 млн.  теңге қаржы бөлінді.


Бірінші бағыт – «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».                32,6 млн. теңге соммасына 2 жоба іске асырылып, 13 жұмыс орны ашылды. Таврия ауылындағы мәдениет үйі мен Асубұлақ ауылындағы мектеп жөнделді.


Екінші бағыт – «Жеке кәсіпкерлер бастамасын қолдау және тірек ауылдарын кешенді дамыту жолымен кәсіпкерлік арқылы жұмыс орындарын құру». Жалпы соммасы 201 млн. теңгеге 28 жоба іске асырылды: 4 жоба сүт-тауарлы фермасын ашу бойынша, 3 жоба сүт жинау пунктін ашу  бойынша, 2 жоба сервистік қызметке бағытталған, 15 жоба мал шаруашылығын дамытуға және 1 жоба көкөніс шаруашылығын дамыту бойынша.


Үшінші бағыт – «Жұмыс берушінің шынайы сұранысын ескере отырып, оқыту және жұмысқа орналасуы мен қоныс ауыстыруына ықпал жасау».


2015 жыл біздің ауданның мәдениет саласы үшін өте сәтті жыл болды. Ағымдағы жылдың мерейтой күндеріне арналған шаралар жоспарға сәйкес өткізіледі. Біздің шығармашылық ұжымдардың жетістіктерін атап өткім келеді:


Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген ХІХ халықтық ойындарда киіз үй байқауынан Ұлан ауданы бас жүлдеге ие болды. 6 шілдеде  Астана күні құрметіне «Бескөл» фольклорлық ансамблі Астана қаласында өткен республикалық  байқауда өз өнерін көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. 20 шілдеде республикалық ақындар айтысы өткізілді. 11 қыркүйекте біздің аудан «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында облыс орталығын қала күнімен құттықтау құрметіне ие болды, 16 қыркүйекте қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізілді.


Ұлан ауданында 224 спорттық жабдықтар бар, оның ішінде: 32 футбол алаңдары, 35 баскетбол, волейбол алаңшалары, 11  хоккей коробкалары, 4 спорттық кешендер,  28 спорт залдары, 12 атыс тирі, 99 жазықтық жабдықтары, 4  жасанды төсеммен  стадион.


Ауданда спорттық 20 түрі дамыған. Оның ішінде спорттың 7 түрінен («қазақша күрес», тоғызқұмалақ, қол күресі, шайбалы хоккей, футбол, волейбол, көкпар) біздің спортшыларымыз облыстың құрама командасының құрамына енгізілген.


Олар облыстық, республикалық, Азиялық және Дүниежүзілік чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.


Тұрғылықты жерде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау мақсатында ауданда 214 секция құрылып жұмыс істеуде, онда   2524 балалар мен жасөспірімдер шынығуда.


Ауданда 65 дене шынықтыру және спорт ұжымдары жұмыс істейді. Жаппай спортпен 11650 адам қамтылған. Бұл аудан халқы санының –28,8%-ы.


2015 жылдың 16 мамырында Өскемен қаласында өткен білім қызметкерлерінің ІІІ спартакиадасында Ұлан ауданы мұғалімдерінің құрама командасы облыс орталығының мықты командасын ғана алдына түсіріп, ІІ орынға ие болды.


2015 жылдың 10 маусымынан 16 маусымына дейінгі аралықта құрама команда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен ХІХ халықтық спорт ойындарына қатысып, Ұлан ауданы 14 ауданның ішінде ІІ жүлделі орынға ие болды.


  Дәулет БАТЫРБАЕВ,  Ұлан ауданының әкімі. ШҚО



 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар